Күй құдіретін сезінген Қаршыға Ахмедияров

25 Наурыз, 2020 157 0

72 жыл бұрын (1946-2010) белгілі күйші-домбырашы, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор АХМЕДИЯРОВ (Қаршымбай) Қаршыға Ахмедиярұлы дүниеге келді.

Атырау облысы Махамбет ауданында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1967-1991 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінің домбырашысы, концертмейстері, жеке орындаушысы, дирижері қызметтерін атқарған. Оның репертуарында отандық композиторлардың күйлері, сондай-ақ шет ел композиторларының шығармалары бар. 1974 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогикалық қызметпен шұғылданып, ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысты. 1981 жылы «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі» атағына ие болған. 1993 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, 1996 жылдан «Домбыра» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Ол - «Шашақты найза, шалқар күн» (Махамбет), «Әсемқоңыр» (Дина), «Сарыарқа» (Құрманғазы), «Жігер» (Дәулеткерей), «Атырау» күйлер жинағы кітаптарын жарыққа шығарды. Оның «Нарын», «Қуаныш», «Сағыныш», «Аққайың», «Желдірме», т.б. күйлері бар. Ахмедияров гастрольдік сапармен Болгария, Венгрия, Югославия, Франция, Италия, Үндістан, Ангола, Португалия, Жапония, АҚШ, т.б. елдерде болды. «Парасат» орденімен және медальдармен марапатталған.

Тегтер: ҚаршығаАхмедияров, күй, қазақ

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.