Сара Назарбаеваның жағдайы ауыр халде деген хабар келді
Қазақстанның тұңғыш президентінің отбасы шеңберіне жақын дереккөздің мәліметінше, бұрынғы мемлекет басшысының зайыбы Сара Алпысқызының жағдайы ауыр, ал дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға дәрменсіз,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Соңғы уақытта ол Назарбаева деген тегін тастап, қыз кезіндегі тегі – Қонақаеваны қолдана бастаған.
Сара Қонақаева 1941 жылдың ақпанында Қарағанды облысында дүниеге келген. 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен отау құрған. Кейін ол «Бөбек» халықаралық балалар қайырымдылық қорын, «SOS – Қазақстанның балалар ауылдары» қорын құрды және еліміздің білім беру жүйесіне өзгерістер енгізуге тырысты. Оның бастамасымен мектептерде өзін-өзі тану пәні енгізілді. Алайда бұл идея кейіннен тоқтатылды.