Алматыда тергеу изоляторынан күдікті қашып кеткен
Бұған дейін әлеуметтік желілерде ұрлық жасады деген күдікке ілінген, бұрын сотталмаған 30 жастағы Рамзан Зульяровқа іздеу жарияланғаны туралы ақпарат тараған еді. Ол тергеу изоляторынан қашып кеткен, деп хабарлайды newsroom.kz.
Бұл оқиғаны Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі SHYNDYK.KZ редакциясына растаған. Алайда, ведомство Зульяровтың қайта ұсталғанын хабарлады.
«Ұрлық жасады деген күдікке ілінген азаматтың ауруханада ем алып жатқан жерінен қашып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізілуде», — деп мәлімдеді ҚАЖ комитеті.
Желіде Зульяровты ұстағаны туралы күлкілі сурет те тарап жатыр. Онда оны ұстады деген болжаммен бірнеше ер адамның, шамасы полиция қызметкерлерінің, суреті жарияланған.