Дуров Telegram-ның 1 миллиард қолданушысы құрметіне дрондар шоуын өткізді
1 мамыр кешінде Дубай аспанын 1600 дроннан тұратын жарық шоу жарқыратты, деп хабарлайды newsroom.kz.
Бұл ауқымды көрініс Telegram мессенджерінің 1 миллиард белсенді қолданушыға жеткенін атап өтуге арналған.
Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың айтуынша, «Дубай аспаны бүгінгідей әсем көрініп көрмеген».
Бұл шоу Гиннестің рекордтар кітабына енді — дрондар арқылы жасалған әлемдегі ең үлкен анимациялық ұшатын сүйек ретінде тіркелді.