Жаңалықтар

Бас прокуратураның құзыреті кеңейді: жаңа талаптар мен өкілеттіктер енгізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ережеге өзгерістер енгізу жөніндегі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Жаңа өзгерістерге сәйкес:

Бас прокуратураның құзыретіне жаңадан бір функция қосылды:
– құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу.

Сондай-ақ, Бас прокурордың өкілеттігі кеңейтілді:

прокуратура қызметкерлерін жоспардан тыс аттестациядан өткізудің тәртібін, кезеңдерін және мерзімін айқындайды;

құқық қорғау саласындағы лауазымдарға қандай шендегі адамдар тағайындалатынын және бұл лауазымдарға сәйкес арнайы атақтар мен сыныптық шендерді бекітеді.

Бұған қоса Бас прокурор:

қызметке үміткердің кәсіби біліктілігін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік деңгейін (цифрлық рейтингін) анықтау әдістемесін бекітеді;

құқық қорғау органдары басшыларымен бірлесіп, психологиялық-социологиялық зерттеу жүргізу тәртібі мен тәсілдерін айқындайды.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.