Димаш Құдайбергеннің жалғыз қарындасы жақында тұрмысқа шығады
Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің отбасында маңызды оқиға орын алды. Оның жалғыз қарындасы Раушан Құдайберген тұрмысқа шығып жатыр,- деп хабарлайды newsroom.kz
Бұл туралы кеше оның Instagram парақшасынан белгілі болды. Раушан қазақтың ұлттық қалыңдық киімімен түскен көктемгі романтикалық видеосын жариялады. Сондай-ақ видеода күйеу жігіттің Димаштың оны маңдайынан сүйіп, жылап отырған ата-анасы да көрінеді.
Кадрларға қарағанда, Құдайбергеннің отбасы дәстүрлі «сырға салу» рәсімін жасап үлгерген.