Коронавирусты үйде емдеуге арналған препараттар аталды

25 Наурыз, 2020 1176 0

COVID-19 жеңіл өтіп жатқан науқастарды емдеу алгоритмі бекітілді, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі "Известия"басылымына сілтеме жасап. 

Мәскеу Денсаулық сақтау департаментінің ұсынымдарына сәйкес, мұндай емделушілерге сұйықтық көп ішу керек, ал негізгі препараттар ретінде парацетамолдан басқа лопинавир және ритонавир тағайындалды. Бұл вирусқа қарсы препаратты әдетте АИТВ/ЖИТС емдеуде қолданады.

Адамда коронавирусқа тән симптомдар жойылып, арасы екі тәуліктен COVID-19 тестінен өтіп, екеуінде де вирус анықталмаса, емделу курсы сәтті аяқталды деп саналады.

Тегтер: Коронавирус, емдеу, медицина

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.