Ақтөбеде студент Әлия Молдағұлова туралы жасанды интеллект көмегімен комикс жасады
Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусының 2-курс студенті Көркемай Елеусіз Марсельқызы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ерекше жобаны жүзеге асырды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Студент жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерін пайдаланып, батырдың ерлігі мен рухын қазіргі заман талабына сай жеткізетін комикс жасады.
Жоба бастауыш сынып оқушыларына арналған және Әлия Молдағұлова туралы ақпаратты жеңіл әрі қызықты формада ұсынуды көздейді. Комикс, сондай-ақ, өскелең ұрпаққа мотивация беріп, ұлттық рухани құндылықтарды жаңғыртуға үлес қосуды мақсат етеді.
Бұл жобаның ерекшелігі – жасанды интеллекттің шығармашылық салада қолданылуы, сондай-ақ тарихи тұлғаның ерлігін жаңа формада танытудағы жаңашылдық.