Дмитрий Песков Путин жайлы фильмнің түсірілгенін мәлімдеді
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей президенті Владимир Путин туралы фильм түсірілгенін мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Жақында «Россия» телеарнасы Путин туралы, оның елімізді 25 жыл бойы қалай басқарғаны туралы фильм көрсетеді,- деді ол.
Кремльдің ресми өкілі бұл фильмді барлығына көруге кеңес берді.
Песков фильмнің атауын және оның шығу күнін нақтыламады.