Астанада Жеңістің 80 жылдығына дайындық: бірқатар көшелер жабылады
Астанада 1945 жылғы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық жүріп жатыр. Осыған байланысты қалада әскери техникалар қозғалып, бірнеше көшелер уақытша жабылады, деп хабарлайды newsroom.kz.
Жолдарды жабу келесі мерзімдер мен бағыттарда жүзеге асырылады:
1. Әскери техниканың жаттығу орнына бет алуы:
3 мамыр, сағат 5:00–6:30 аралығында:
А-334 көшесі – Ақжол даңғылы – Қошқарбаев даңғылы – Момышұлы даңғылы – Тәуелсіздік даңғылы бағытында техникалар өтеді.
2. Парадқа қатысушыларды жеткізу және кері қайтару:
3, 5 және 7 мамыр, сағат 6:30–8:00:
А-334 көшесі – Ақжол даңғылы – Қошқарбаев даңғылы – Аманжолов көшесі бойымен, Аманжолов көшесімен Қошқарбаев даңғылынан Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралықта әскери қызметкерлер жеткізіледі.
Сағат 12:30–14:00 аралығында:
Олар тұрақты орнына қайту үшін Нұрмағанбетов көшесі – Қошқарбаев даңғылы – Ақжол даңғылы – А-334 көшесі бағытымен кері қозғалады.
3. Тәуелсіздік даңғылы мен оған жақын көшелердегі шектеулер:
3, 5 және 7 мамыр, сағат 5:00–13:00 аралығында:
Момышұлы даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі Тәуелсіздік даңғылы жабылады.
Сонымен қатар, Акыртас көшесі (техника күту орны ретінде), Қошқарбаев даңғылы және Қалдаяқов көшесі (Қошқарбаев даңғылына дейінгі айналма жол) уақытша қозғалысқа шектеу қойылады.
4. Автобус пен техника тұрағы:
3, 5 және 7 мамыр, сағат 5:00–14:00 аралығында:
Қ.Қуанышбаев атындағы театр алдындағы тұрақ пен Қуанышбаев көшесі (Байтұрсынов көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін), сондай-ақ Нұрмағанбетов көшесінің оң жағы (Байтұрсыновтан Нәжімеденовке дейін) парадқа қатысушыларды жеткізетін автобустар үшін арнайы тұрақ ретінде белгіленеді.
5. 7 мамыр, сағат 5:00–14:00:
Панфилов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Нұрмағанбетов көшесіне дейінгі бөлігі ірі техника тиеуге арналған тұраққа айналады.
6. 7 мамыр, сағат 12:30–14:00:
Механикаландырылған колоннаның парадтан кейінгі кері қозғалысы Панфилов – Нұрмағанбетов – Қошқарбаев – Ақжол – А-334 көшелері арқылы жүзеге асады.
Ескерту:
Аталған күндері автокөлік қозғалысына шектеу қойылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап, қауіпсіздік ережелерін және полиция қызметкерлерінің нұсқауларын сақтауды сұраймыз.
Көшелер барлық іс-шаралар аяқталған соң қайта ашылады.