Дубайда шоколадында түйе нәжісіне тән заттар бар
Германияның Химиялық және ветеринарлық бақылау агенттігі (CVUA) дубайлық шоколадтың сегіз түрін зерттеп, молекулалық деңгейде талдау жүргізген. Тексеру нәтижелері күтпеген жағдайды ашты.
Шоколад құрамынан афлатоксиндер, 3-MCPD және глицидил эфирлері табылды. Бұл қауіпті қосылыстар саңырауқұлақ споралары асқазан арқылы өткенде пайда болады. Ал спораларды кім қорытты? Әрине, түйелер.
Шөлейт аймақтарда түйелердің азығы көбіне Aspergillus flavus және Aspergillus parasiticus сияқты зең саңырауқұлақтарымен зақымдалған жемдерден тұрады екен.
Мамандар мұндай өнімдердің адам денсаулығына кері әсері бар екенін ескертеді.