COVID-19: Шымкентте алты адам карантиннен шықты

25 Наурыз, 2020 721 0

Шымкентте коронавирусқа байланысты 6 адам карантиннен шықты, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Олардың жағдайлары бір қалыпты, шағымдары жоқ. Карантиндегілердің дені эпидахуалы күрделі елдерден келген немесе коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдар. COVID-19-дың алдын алу үшін қалада тәулік бойы сақтық шаралары жүруде. Ол үшін денсаулық сақтау басқармасы жанында арнайы штаб жұмыс істеп жатыр. Олар шетелден келген азаматтарға үздіксіз мониторинг жүргізуде. 

Қаланың барлық медицина мекемелері күшейтілген жұмыс түріне көшті. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эпидемиологының айтуынша, 1 «А» катигориясынан келгендерді бірден ауруханаға жатқызылады. Олар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады. Ал 1 «Б» категориясымен келгендер 1 күн ауруханаға жатқызып, анализін алып, мұрны мен тамағынан сараптамалық зат алынады. "Екінші күні теріс болған жағдайда оларды үй жағдайында карантинге қоямыз", - дейді Гүлмира Әлімбаева. 



Тегтер: Шымкент, карантин, коронавирус

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.