Ресей С-300 зымыран жүйесін Қырғызстанға берді
Ресей Қырғызстанға С-300 зениттік-зымырандық кешендерін берді. Бұл туралы «Известия» газетіне Республика Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманқұлов мәлім етті,- деп хабарлайды newsroom.kz
"Бізде әуе қорғанысының бірлескен жүйесі жұмыс істейді. Біз қазір осы бірлескен жүйенің элементтерін - С-300-ді алдық. Олар қазірдің өзінде Қырғызстан аумағында", - деді ол.
Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі Бішкекте өтетін әскери парадта ұсынылуы мүмкін екенін айтты.