АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы ереуіл басылмай тұр, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі "Хабар 24"арнасына сілтеме жасап.
Ашуға бой алдырғандар көшеде тәртіпсіздік жасады. Өрт сөндірушілер түнімен шаһар көшелеріндегі өрті ауыздықтаумен әлек болды. Жиналған жұртты тарқату үшін Миннесота губернаторы Ұлттық гвардия ұландарын көмекке шақырды.
Естеріңізге салайық, халықтың бұлай ашулануына афро-америкалық Джордж Флойдтың қазасы себеп. Полиция қызметкері оны тұтқындау кезінде жерге жатқызып мойнын аяғымен басып тұншықтырып тастаған.
Оқиғадан кейін 4 полиция қызметкері жұмысынан босатылды.