Жаңалықтар

Астана саябағында жалаңаштанғандар жұртты шошытты

Астана тұрғындары қалалық саябақтардың бірінде серуендеп жүріп, жағымсыз көріністің куәсі болды: үш ересек адам саябақтың ортасындағы көгалда күнге қыздырынған, деп хабарлайды newsroom.kz.

Әсіресе, әйелдер стриптизге жақын киімде — стринг шалбар киіп, купальниктің үстіңгі бөлігінсіз жатқан. Куәгерлердің айтуынша, олардың кеуделері ашық болған.

«Бұл — жағажай емес, балалар, отбасылар, қарттар серуендейтін қоғамдық орын. Мұндай әрекет — ашықтан-ашық әдепсіздік әрі мүлдем жол беруге болмайтын нәрсе», — дейді қала тұрғындарының бірі.

Астана қаласының қоғамдық тәртіп ережелерінде былай делінеді:

«Қоғамдық орындарда әдепсіз мінез-құлық танытуға, адамның ар-намысына нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді.»

Бұл талаптарға қоғамдық орында денені шектен тыс жалаңаштап жүру сияқты әрекеттер де жатады. Мұндай қылықтар азаматтардың ар-намысына және моральдық нормаларға қайшы саналады.

Астаналықтар саябақ әкімшілігі мұндай жағдайларға назар аударып, тиісті шаралар қолданады деп үміттенеді. Олардың пікірінше, саябақтар — мәдениетті демалыс орны болуы керек, тәнді ашық көрсететін орынға айналмауы тиіс.