Бір мопедте 4 адам
Әлеуметтік желілерде Алматы қаласында әйел мен екі кішкентай баланы мопедпен тасымалдаған ер адамның видеосы қызу талқылануда, деп хабарлайды newsroom.kz.
Бәрі бір мопедке мінген, оның үстіне әйел мен балалардың басында шлем болмаған. Бейнежазбада полиция қызметкерлерінің ер адам мен оның жолаушыларына назар аударғаны байқалады.
Пікір қалдырғандардың ойы екіге бөлінді: бір бөлігі отбасыға жанашырлық білдіріп, «ешкім жақсы өмірден мұндайға бармайды» десе, енді бірі балалардың өміріне қауіп төндіруді ақтауға болмайтынын айтып, такси немесе автобус таңдаған дұрыс болар еді деген пікір білдірді.