Жаңалықтар

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президенті Масуд Пезешкиан мен Иран халқына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды newsroom.kz.

Бүгін Бендер-Аббас қаласындағы Шахид Раджаи портында жанармай қоймасы мен жанғыш химикаттар сақталған қоймада жарылыс болды. Зардап шеккендер саны 600 адамнан асты.

Мемлекет басшысы зардап шеккендерге тез сауығып кетуіне, ал Иран халқына апат салдарын тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.