Қаржы

2025 жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстанда не қымбаттайды

1 мамырдан бастап қандай қызметтер мен тауарлардың бағасы өсетінін жариялайды newsroom.kz.

Digital Business Finance сайтының дерегінше, кейбір ауылдардағы су, ұялы байланыс тарифтері және Астана тұрғындары үшін электр энергиясы қымбаттайды.

Астанадағы электр энергиясы

"АРЭК" АҚ электр энергиясына шекті тарифті 31,67 теңге/кВт·сағ деңгейіне дейін көтеруді ұсынды. Компания төрағасы Руслан Әбжановтың айтуынша, 2024 жылы тариф 29,28 теңгеден 24,43 теңгеге төмендеген еді. Алайда қазіргі тариф залалды болып отыр, себебі энергия жеткізуші ұйымдардың тарифтері өскен. Қолданыстағы тариф тіпті 1 кВт·сағат энергияның өзіндік құнын жаппайды.

«1 қаңтардан бастап тариф 24,43 теңге/кВт·сағ болды, біз ұсынған жоба бойынша 31,67 теңге/кВт·сағ болмақ. Бұл — 29,6%-ға өсім. Жалпы алғанда, тарифтің көтерілуі сатып алу, транзит, қуат тарифтерінің өсуімен байланысты», — деді Әбжанов.

"Астана-РЭК" жобасы бойынша 1 мамырдан бастап дифференцияланған тарифтер мынадай болуы мүмкін:

Халық үшін — 22,43 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-пен бірге 25,12 теңге/кВт·сағ);

Заңды тұлғалар үшін — 33,88 теңге/кВт·сағ;

Бюджеттік ұйымдар үшін — 66,33 теңге/кВт·сағ;

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндіруші компаниялар үшін — 31,67 теңге/кВт·сағ.

Altel кейбір тарифтеріндегі абоненттік төлем

2025 жылдың 28 сәуірінен бастап Altel операторында кейбір қолданыстағы және архивтік тарифтер үшін абоненттік төлем өзгертіледі, ал кейбір тарифтердің атауы да ауысады. Көп жағдайда баға өсімімен бірге интернет пакеттері де үлкейеді. Жаңа бағалар туралы толық ақпарат бөлек жарияланған.

Tele2 "Үйдегі интернет" тарифі

2025 жылдың 28 сәуірінен бастап Tele2 компаниясының "Үйдегі интернет" тарифінің бағасы өзгереді. Бұрынғы 3 500 теңге орнына ай сайынғы төлем 5 000 теңге болады.

Оператор бұл қымбаттауды желілерді дамыту мен жаңарту, инфрақұрылымды қызмет көрсету шығындарын жабу қажеттілігімен түсіндіреді. Сондай-ақ жалпы экономикалық жағдай мен инфляция да әсер етіп отыр.

Бонус ретінде Tele2 "QINO" қызметін тегін қосуға мүмкіндік береді — бұл 200-ден астам әртүрлі жанрдағы телеарналарға қол жеткізу.

Қазақстандағы теміржол жүк тасымалы

"Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы магистральдық теміржол желісі (МТЖ) қызметтерінің бағасын 2025 жылдың 1 мамырынан бастап 35%-ға көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бұйрықты Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тимур Қасымбаев қол қойды.

Бұған дейін "ҚТЖ" тарифті 66%-ға өсіруді жоспарлаған еді. Компания бағаның өсуін инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру және қызметкерлердің жалақысын арттыру қажеттілігімен түсіндірді. МТЖ қызметтері теміржол жүк тасымалы тарифінің бір бөлігі болғандықтан, жүк жіберетін трейдерлердің жалпы шығындары шамамен 10%-ға артады.

Атап айтқанда:

Электровоз қызметінің тарифі 765 теңгеден 1059 теңгеге өседі,

Тепловоз қызметінің тарифі 721 теңгеден 999 теңгеге көтеріледі.

Кейбір ауылдардағы су

2025 жылдың 1 мамырынан бастап Махамбет ауданында су бағасы 36%-ға қымбаттайды. 9 сәуірде уәкілетті орган "Махамбет су" КМК-ның 8 ауылға жеткізетін су тарифін жаңартты.

«Қазіргі тариф 221,5 теңге/текше метр болатын. Монополист тарифті 1 235,4 теңгеге дейін көтеруді сұраған, алайда уәкілетті орган тарифті 301,69 теңгеге дейін өсіруді құптады. Бұл — 36%-ға өсу», — деп хабарлайды AtyrauPress.

Тарифі өсетін ауылдар: Ақтоғай, Жалғансай, Сарайшық, Ескі Сарайшық, Махамбет, Талдықұдық, Сартөбе, Тандай.