Жаңалықтар

"Эстрада жұлдыздарын шақырудың орнына, неге мәдениет үйі өнерпаздарын қолдамасқа": Диас Нұрақын пікір білдірді

Журналист Диас Нұрақын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мерекелік жиындарға эстрада жұлдыздарын шақыртып, бюджет ақшасын құрта бермей, мәдениет үйінің өнерпаздарына да жол беруге шақырды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Ол Facebook-тағы парақшасында Шымкенттің шенеуніктерін сынға алыпты:

"Шымкенттің шенеуніктері той-томалаққа жарты миллиард теңге жұмсамақшы екен. Яғни, күнтізбедегі "қызыл" күндерге 475 миллион теңге бөлген. Бұл ақшаға 7-мамыр, 9-мамыр, қала күні сияқты мерекелерді атап өтіп, ақындар айтысын ұйымдастырмақшы. Барлық шараға міндетті түрде эстрада жұлдыздары қатысуы тиіс екен. Оларды қымбат қонақ үйге жатқызып, үш мезгіл тәтті тамақ беріп, қайтарда қалтасына ақша салып, шапан жауып жіберу уәжіп деп жазылған, - деп .

Алаңға адам жинап, дүңкілдетіп думан өткізуге жарты миллиард жұмсаудың не қажеті бар? Шымкенттің филормониясы, консерваториясы, Мәдениет үйінің өнерпаздары бар емес пе? Қала бюджетінен қаржыландырылатын осы өнер ұжымдарын неге пайдаланбайды?

Қала берді қазақ эстрадасында жүрген жұлдыздардың тең жартысы Шымкенттен шыққан. Асан Пердешов, Заттыбек, Жорабаева, Жігіттер тобын қолқаласа болады ғой. Шымкент қаласының құрметті азаматы деген атақ беріп, кез-келген концертке бір ысқырықпен шақырып алмай ма жерлестерін.

Бюджеттің бүйірі бос, ақша жоқ, белді бекем буыңдар деп еді Тоқаев. Шымкенттіктер белдікті шешіп тастап шауып жүрген сияқты, - деп жазды журналист Диас Нұрақын.