Жаңалықтар

Танымал блогер Ханзада Жумонгқа Құран бағыштап қайтыпы

Танымал блогер Садық Шерімбек анасымен Кореяның Сеул қаласында болғанын және онда Жумонг патшаға құран бағыштағанын айтты, деп хабарлайды newsroom.kz.

Блогер NarikbiLive подкасына берген сұхбатында анасын жаяу Меккеге апарғанын айтқан. Сұхбат барысында Сеул қаласында болған қызық оқиғамен бөлісіпті:

«Апама бір қызық жерді көрсетем деп апардым. Ол ескі корей хандықтарының патшалары өмір сүрген сарай еді. “Апа, бұл жерде сіз өте жақсы танитын адам өмір сүрген” дедім. Ол Кәрістердің ішінен мен кімді танитын едім деп таң қалып қалды.  Мен мұнда Жумонг өмір сүргенін айттым. Апам Жумонг туралы сериалды көрген, оны жақсы біледі. Апам “ойбааай!” деп таң қалды. “Құдай жарылқасын, айналайын! Шырағым, сонша жерден келіп отырмыз ғой, ол сондай ұлы, жақсы адам ғой. Құран оқы”, - деді, деп еске алды блогер.

Садық Шерімбек өзінің таңырқап оның мұсылман емес екенін айтқан. Алайда апасы көнбей:

“мұсылман, мұсылман емес деген әңгіменің не керегі бар?! Ол жақсы адам ғой. Кәрістер солардың арқасында ешкімге тіленбей, бір ел болып өмір сүріп жатыр екен”, - деген.

Ары қарай блогер әңгімені жалғады:

“Мен отырдым да Құран оқыдым. Апа пайғамбар мен ата-баба рухын атап кейін “Е, Жаратқан Алла осы жерде жатқан Жумонг патшаның рухын шат қыл, жаны жай тапсын, артында қалған ұрпағы, елі көгере берсін, Әумин!” деп дұға жасады. Сөйтіп, Жумонг паштаның әруағына Құран бағыштап қайттық қой. Менде біртүрлі диссонанс боп қалды”, - дейді блогер.