Жаңалықтар

Астанада ер адамды көлік қағып кетті

Астанада Министрліктер үйінің маңында ер адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды newsroom.kz tengri.liveсайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі келген. Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медициналық көмек оқиға орнында көрсетілген, зардап шегушінің жағдайы әзірге белгісіз.

Ал қалалық полиция департаменті бұл оқиғаның Достық көшесінде болғанын растап, жаяу жүргіншінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ер адам ауруханаға жеткізілген.