weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Блогер Мұрат Әбділда қайтадан қамауға алынды

2024 жылы сот шешімімен шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан ол, профилактикалық тіркеуде тұрғанына қарамастан, сол жылы қоғамдық орынға зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуге міндеттелген, деп хабарлайды newsroom.kz.

Блогер Мұрат Әбділда қайтадан қамауға алынды
фото: ашық дереккөзден

Бұдан бөлек, 2025 жылдың ақпан және наурыз айларында ол бес рет тіркеуге келмей, төрт мәрте түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайында болмағаны анықталған.

Осы тәртіп бұзушылықтардан кейін Мұрат Әбділдаға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату шешімі күшін жойып, оның өтелмеген жаза мерзімі – 2 жыл 11 күн – бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға алмастырылды.