Мешітке балаларды алып барған дұрыс па?: Имам жауап берді
Әлеуметтік желіде көпшілік кішкентай балалардың мешітте намаз уақытында болуы, дұға жасауға кедергі келтіретінін айтып, наразылығын білдірген болатын. Осы орайда Newsroom.kz сайтының тілшісі ҚМДБ-ның белгілі ұстазы Кенжеәлі Қоңыратбайұлынан жауап алды,- деп хабарлайды newsroom.kz
“Шариғатта балиғат жасына толмаған балаларға мешітке келуге тыйым салынбайды. Бірақ намаз уақытында балиғат жасына толмаған балалар жылап немесе мешіт ішін былғап қоюы бек мүмкін. Сондықтан абзалы балаларды мешітке апармаған дұрыс. Пайғамбарымыздан жеткен, Ибн Мажадан риуаят, имам Табарани және имам Байһақи лер риуаят еткен бұл хадисте “Мешіттеріңізді сәби балалар және есі дұрыс емес адамдардан алыс ұстаңыздар ”- делінген. Балаларды бәріміз жақсы көреміз. Жақсы көруіміз керек. Өйткені перзент Жаратушының сыйы. Бірақ әр нәрсенің орны бар. Балаларға дінді, руханиятты, имандылықты үйде үйрету керек”,- деді имам.