Карантин кезінде Алматы зейнеткерлерінің зейнетақыларын үйлеріне жеткізіп береді

24 Наурыз, 2020 139 0

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында "Қазпочта" АҚ АФ директоры Әлия Сүгірбаева айтты.

Оның айтуынша, 70 жастан асқан зейнеткерлер карантин кезінде зейнетақыларын үйінде отырып ала алады. "Қала әкімдігімен бірге біздің зейнеткерлерге зейнетақыларын жеткізу жұмыстары жүргізілуде. "Қазпошта" 80 жастан асқан зейнеткерлерге қызмет көрсетеді, біз олардың зейнетақыларын үйлеріне жеткізіп береміз. Қазір 70 жастан асқан зейнеткерлер санатын да қамтамасыз етуге дайынбыз. Біздің барлық қызметкеріміз – почташылар мен курьерлер оған толық дайын, олар зейнеткерлердің қауіпсіздігі үшін барлық жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған", – деді ол.

Бұдан өзге, "Қазпошта" карантин кезінде қала тұрғындарын қолдау бойынша Алматы әкімдігімен бірлескен жобаны жүзеге асыруға қатысады.

"Алматы қаласының әкімдігімен бірге халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына қолдау көрсету үшін іске асырылып отырған жоба аясында "Қазпошта" логистикалық және азық-түлік себеттерін жеткізудегі басты серіктесі болып табылады. Бүгінгі күні филиал барлық күш-жігерін жұмылдырды – 70 машина курьерлермен штаттық тәртіпте жұмыс істейді. Олар қажет болған жағдайда қала тұрғындарына барлық әлеуметтік пакеттерді тәулік бойы жеткізетін болады", – деді А. Сүгірбаева.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында байланыссыз жеткізуді қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда.

Тегтер: Алматы, қазпошта, карантин, коронавирус

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.