Сұмдық! Түркияда тағы да жер сілкінісі
Стамбулда 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Жер асты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша 12:49-да тіркелген. Эпицентрі Силиври ауданының жағалауындағы Мәрмәр теңізінде 6,92 шақырым тереңдікте анықталған. Жер сілкінісі жақын аумақтағы провинцияларға да сезілген.