Анкарада жалған алкогольді тұтынудан қаза тапқандар саны 105-ке жетті
Анкарада жалған алкогольді ішіп өлгендердің саны 105-ке жетті. Бұл туралы TGRT Haber телеарнасы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Ақпаратқа сәйкес, Түркия астанасының Бас прокуратурасы контрафактілік алкоголь өнімдерін өндіру және сату фактісі бойынша тергеуді жалғастыруда.
Қазіргі уақытта 43 адам қамауға алынып, тағы 50 адам сот бақылауына алынды.
Соңғы мәлімет бойынша, жалған алкогольді ішу салдарынан көз жұмғандар саны 105-ке жетіп, 29 зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр.