Тимур Балымбет "Gakku" арнасымен қош айтысты

Тимур Балымбет "Gakku" арнасымен қош айтысты

ашық дереккөзі

Ең үздік отандық телеарналардың біріне айналған "Gakku tv" білмейтін жанның өзі жоқ. Телеарнаны осы күнгі танымалдығына жетуіне өз үлесін қосқан бас продюссері Тимур Балымбет телеарнамен қоштасатынын хабарлады. Бұл туралы ол осы күнге жеткен жетістіктерін тізіп, Instagram парақшасында бөлісті деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттінінің тілшісі.  width= "Қош бол, Гәкку. Gakku tv-дағы соңғы күнімді аяқтады. Бұлай жазу қызық екен. Бұл жобада 2013 жылдан бастап қызмет атқара бастадым. Бұл ең ғажап 6,5 жыл болды. Бұл уақыт аралығында керемет жетістіктерге жеттік. Олар Youtube-тегі ең алғашқы миллион көрермендер. Ең керемет "Gakku дауысы" атты музыкалық фестивалі, клиптерімен рекорд жасаған Ерке Есмаханға жетекшілік етуім, ең жарық және профессионалды "Gakku әуендері" марапаттау, көрермендердің көңілінен шыққан, әншілердің қатсуымен ұйымдастырылған "Follow Wars" және "Ұят парад" жобасы. Gakku fm-ның жарыққа шығуы. Менің ең алғашқы авторлық "Шынын айтқанда" бағдарламам. Екінші Toiduman.kz табысты арнасына айналуы",- деп жазды ол. Сонымен қатар ол өзінің сүйіктісін дәл осы жерде тапқанын айтты. "Мен дәл осы жерде өз махаббатымды кездестірдім. Ешқандай дау-дамайсыз, өз еркіммен кетіп бара жатырмын. Алысқа кетпеңіздер, жақында жағымды жаңалықтарыммен қуантамын!" деп жазды Тимур Балымбет. Еске сала кетсек, шоу-бизнес саласымен тығыз байланысты жүретін белгілі телепродюсер ғашығын таныстырып, шаңырақ көтеретінін әлеуметтік парақшасында жариялаған болатын.

Жүктелуде...