Жаңалықтар

Жолаушы көлікте темекі шекпеуді өтінгені үшін таксистті ұрған

Алматылық такси жүргізушісі және блогер Влад Кравчук өзінің TikTok парақшасында 21 сәуірде жолаушылармен болған жанжал туралы айтып берді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бейнежазбаға сүйенсек, Кравчук жолаушылардан кабинада темекі шекпеуді сұраған. Осыдан кейін олардың бірі агрессивті әрекет жасап, жүргізушіні балағаттап, содан кейін оның басынан қолымен ұрған.

Кейін блогердің айтуынша, ол полицияға хабарласып, агрессивті жолаушының үстінен арыз жазған.

Алматы қалалық ДП бізге былай деп жауап берді: «Медеу аудандық полиция бөлімі ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сот-медициналық сараптама тағайындады.«Тергеу жүргізілуде».