Руслан Сәкеев «Birgemiz» қорының басқарма төрағасы болып тағайындалды

24 Наурыз, 2020 99 0

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты "Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы" КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Сәкеев «Birgemiz» қорының басқарма төрағасы болып тағайындалды. 

Руслан Кенесарыұлы Сәкеев 1978 жылы дүниеге келген. Заңгер және қаржыгер мамандықтары бойынша жоғары білімі бар. Еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастаған. Кейіннен ҚР Парламенті Сенатында, заңнама және құқықтық реформа бойынша Комитетте қызмет атқарған. ҚР Әділет министрлігінде басқарушы қызметте болды. ҚР Үкіметіне қарасты «ҚазСат»АҚ директоры, «Альянс банк» АҚ сатып алу департаментінің директоры лауазымдарын атқарды. Сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, ал 2017-2018 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды.  

 

Тегтер: Birgemiz, Елбасы, қор, карантин, коронавирус

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.