Руслан Берденовке ота жасалды
Руслан Берденовтің жағдайы тұрақты бірақ ауыр. Жараланған әкім орынбасарына шұғыл ота жасалып, қазір дәрігерлердің бақылауында. Бұл туралы шымкенттік дәрігерлер мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Операция кезінде қан кету тоқтатылып, жарақаттар нәтижесінде келтірілген зақым қалпына келтірілді. Өмірге қауіп төніп тұрған жоқ. Науқастың жағдайы тұрақты, бірақ ауыр деп бағаланады. Ол үнемі дәрігерлердің бақылауында және барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі,- делінген мәліметте.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кеткенін мәлімдеген едік.