weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Еуро бағамы тарихи рекорд жаңартты – 601 теңге

22 сәуірге арналған ресми мәліметке сәйкес, Қазақстан Ұлттық банкі еуроның бағамын 601,01 теңге деп белгіледі. Бұл – еліміз тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Еуро өткен күнмен салыстырғанда 1,3%-ға, ал сәуір басынан бері 10,1%-ға қымбаттады деп хабарлайды newsroom.kz.

Еуро бағамы тарихи рекорд жаңартты – 601 теңге
Фото: prodengi.kz: UGC

Ал АҚШ долларының бағамы сәл төмендеп, 521,53 теңгені құрады. Бұл – бір күн бұрынғы көрсеткіштен 0,1%-ға аз, дегенмен сәуір басымен салыстырғанда 3,4%-ға жоғары.

Бірінші несие бюросының сарапшыларының пікірінше, доллардың әлсіреуіне АҚШ президентінің күтпеген экономикалық шешімдері мен Федералды резерв басшысын жұмыстан босату туралы мәлімдемелері де әсер еткен. Сарапшылар доллар индексі соңғы үш жылдағы ең төменгі деңгейге түскенін атап өтті.

Ұлттық банктің дерегі бойынша, ресейлік рубль де теңгеге қатысты нығайып келеді. 22 сәуірдегі ресми бағам – 6,43 теңге. Бұл – ақпан 2023 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Айта кетейік, жақында алтын бағасы да тарихи шекке жетіп, бір унциясы 3370 доллардан асты.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→