Жаңалықтар

Руслан Берденовты атып кетті

Бүгін, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының маңында атыс болып, қала әкімінің орынбасары Руслар Берденов жараланды. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz

Атыс салдарынан әкімдік қызметкері оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Қылмысқа күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.