Жаңалықтар

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті

Бүгін шамамен сағат 20:30 шамасында Шымкент қаласының әкімдігі ғимаратының жанында Руслан Берденовті атып кетті. Бұл туралы Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мәліметтер бойынша, күдікті Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің төменгі аяқ тұсына үш рет оқ атып, ауыр жарақат келтірген.

Берденов Руслан Арысбекұлы «оң жамбас және иық тұсынан оқ жарақатын алған» деген алдын ала диагнозбен ауруханаға жеткізілді.