Жаңалықтар

Елордада мүгедектігі бар сайлаушылардың мәселелері талқыланды

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіровтың төрағалығымен ҚР ОСК жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz

ҚР Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы ОСК жанында 2018 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. 2022 жылдан бастап ол жаңа ереже негізінде жұмыс істейді және оның құрамы мерзіді түрде жаңартылып отырады. Бүгінгі таңда қатысушылардың 70%-дан астамы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері болып табылады, бұл жұмыс тобының қолданбалы бағытын күшейтеді және мүгедектігі бар адамдардың сайлау процесіне нақты қажеттіліктерін есепке алуға ықпал етеді.

Мәжілістің партиялық тізімдерінде кемінде 30%-ы әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар құрауы тиіс. Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаевтың ауқымды конституциялық реформасы шеңберінде заңнамада бекітілген бұл квотаның маңыздылығын ОСК басшысы атап өтті. Бұл норма тізімдерді тіркеу кезінде де, мандаттарды бөлу кезінде де міндетті болып табылады.

Ол сондай-ақ бүкіл ел бойынша сайлау комиссияларының мүгедектігі бар мүшелерінің саны 2019 жылғы 455-тен бүгінгі күнге 735-ке дейін ұлғайғанын атап өтті.

«Бұл инклюзивтіліктің жүйелі саясатын бірізді іске асырудың нәтижесі. Дегенмен, әрі қарай даму маңызды. Біз партиялардың сайлауалды бағдарламалары мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына – мазмұны жағынан ғана емес, техникалық жағынан да қолжетімді болуы тиіс деп санаймыз. Ол үшін біз жұмыс тобының мүшелерін сайлауда қолжетімді ортаны кеңейтуге ықпал ететін нақты ұсыныстарды енгізуге шақырамыз», – деді ОСК Төрағасы.