"Астарлы ақиқат" бағдарламасы жабылды
"Астарлы ақиқат" бағдарламасы жабылды
"Астарлы ақиқаттың" осы телевизиялық маусымы оңай болмады. Осыдан кейін кетуге де ұят емес",-деп жазған Дина Төлепбергеннің жазбасынан, бағдарламаның өз жұмысын аяқтағанын байқауға болады.
Жүргізуші бейсенбі күні соңғы бағдарламасын көрсететін хабарлаған еді, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі. Бағдарлама арқылы талай жанның тағдыры шешіліп, шынайылығымен көпшіліктің көңілінен шығып үлгерген болатын. Осы уақыт аралығында 115 бағдарлама көрсетіліп, 630 сарапшы қатысып, 345 кейіпкер көмек сұрап келген.
Әр аптаның бейсенбісінде көрерменмен қауышатын журналист Дина Төлепберген біржолата қоштасты.
"Астарлы ақиқатқа 10 жыл! Мен үшін кеше ғана басталған сияқты. Осымен бітті ме? Бітпеді ме? белгісіз. Бірақ, мына орында кім тұрса да болмыс, бұқпасыз, боямасыз баяндалсын. Мен сіздермен қоштасамын, сау болыңыздар!" Сонымен қатар шындықты айтушы журналист Instagram парақшасында "Қоштасудың қиын-ай!" деп сторизіне жүктеген. Дина Төлепбергеннің бағдарламамен қош айтысуына қапаланған сыңайлы.
"Астарламай айтсаңызшы?", "Не үшін? Өте жақсы, шынайы бағдарлама еді", "Бағдарламаны сіз үшін көреміз", "Сізді жақсы көреміз. Жанын шығарып тұрып айтасыз. Адамның көкейіндегі сұрақты қоясыз", "Енді бұл хабар болмайды ма?", "Жүргізуші ретінде тек сізді көргіміз келеді" сынды сұрақтарды желі қолданушылары бірінен соң бірі жазуда.