Мұғалімді бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды
Шымкентте танымал блогер қолға түсті. Ол мұғалімге қысым көрсеткен, деп хабарлайды newsroom.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол мұғалімге беделін пайдаланып қысым көрсетіп, абыройына нұқсан келтіретін ақпаратты жариялайтынын айтып, 1,2 миллион теңге талап еткен.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.