Жаңалықтар

Газдан уланып үш қыз қайтыc болды

Кішісі 3 жаста, үлкені — 7 жаста болған, -  деп хабарлайды newsroom.kz

Жамбыл облысындағы Сарымолдаев ауылында үш қыз бала газдан уланып көз жұмды. Кішісі 3 жаста, үлкені — 7 жаста болған. Оқиға кезінде балалар үйде үлкендерсіз қалған.

Алдын ала анықталған дерек бойынша, үйде газдың шыққанын анықтайтын арнайы құрылғы орнатылмаған, қазандыққа техникалық қызмет көрсетілмеген, ал  мұржасы талаптарға сай емес жасалған. Соның салдарынан үй ішінде улы көмірқышқыл газы (улану газы) жиналған.

Бұл жерде тұрмыстық газдың ағып шығуы жайлы сөз емес.

Көпшілік табиғи газ жанғанда зиянды заттар бөлінбейді деп ойлайды. Алайда ауа сорғыш болмаған кезде, қазандық істен шықса немесе желдету жабық тұрса, газ толық жанбайды да, улы газ түзіледі.

Мұндай жағдай бірінші рет емес.

Көп жағдайда бұның негізгі себебі техникалық немқұрайлылық пен салғырттық.