Жаңалықтар

Шымкенттік блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінді

Қалалық полицияға жалпы білім беретін мектептердің бірінің мұғалімі хабарласқан. Оның айтуынша, блогер өзінің БАҚ-тағы мәртебесін пайдаланып, кейбір компроматтарды таратамын деп қорқытқан. Оны жариялаудан бас тартқаны үшін 1,2 миллион теңге талап еткен,- деп хабарлайды newsroom.kz

«Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен азамат С.-ны ұстады.«Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Шымкент қалалық ІІБ.

Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.