Жаңалықтар

Астанада «Орталық Азия – Италия» саммиті өтеді

26–27 сәуір күндері Италия Республикасының Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ресми сапармен елімізге келеді, деп хабарлайды newsroom.kz. Бұл туралы Ақордаға баспасөзі жария етті.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық әріптестіктің дамуына қатысты мәселелерді талқыламақ.

27 сәуір күні Астанада алғашқы «Орталық Азия – Италия» саммиті өтеді.

Айта кетейік, 21–22 сәуір күндері Түркістанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстанның Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді.