Жаңалықтар

Қазақстанда темекі өндірісі шарықтады: Бір тоқсанда 4,6 миллиард дана!

Биыл елімізде бірінші тоқсанда 4,6 млрд дана темекі өндірілген. Бұл былтырмен салыстырғанда  темекі мен папирос өндірісінің 42%-ға өскенін көрсетеді. Қаңтар-наурыз кезеңіндегі мұндай жоғары көрсеткіш 2014 жылдан бері байқалмаған, деп хабарлайды newsroom.kz.

Соңғы жылдары темекі өнімдерінің өндірісі айтарлықтай тоқырауға ұшырады. Жылдық деңгейлердің өзгеруін қарастыратын болсақ, 2017 жылдан 2024 жылға дейін көрсеткіш 17-18 млрд аралығында болды. Былтыр 1,2% көбейді.

Қаңтар-наурызда өндірілген темекі өнімдерінің өзіндік құнына келетін болсақ, 92,7 млрд теңгені құрады. Инфляцияны ескере отырып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25% көбейген.

Қазақстан өзін темекі өнімдерімен жақсы қамтамасыз ететінін айта кетейік. 2024 жылы барлық ресурстарда өндірілген өнім үлесі 80%-дан сәл ғана аз болды.