Жаңалықтар

Лайк баспағаны үшін қызметкерлерін қудалаған басшы жазаланды

Лайк баспағаны үшін қызметкерлерін қудалаған Шымкент жастар ресурстық орталығының басшысы жазаланды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Бұл туралы Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі басқармасының басшысы Айгерім Жұмақұлова айтты.

«Қызметкерлерден әлеуметтік желіде белсенді болуды талап еткен орталық басшысының әрекеті дұрыс емес. Оған қатысты тәртіптік жаза қолданылды», — деді ол.

Айгерім Жұмақұлова бұл мәселені тыныш шешуге болар еді деп есептейді. Ол бұл нәрсені «екі қызметкер арасындағы ішкі еңбек дауы» деп түсіндірді.