Аймақтар

Ақтөбеде аурухана қызметкерлеріне тас төсеттіріп қойған

Желіде Ақтөбе қаласында әйелдердің тас төсеп жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды newsroom.kz. 

Жазба авторының сөзіне қарағанда, аурухананың еден жуушы әйелдеріне тас төсеттірген.

«Бұл — БСМП. Нақтырақ айтқанда, неврология ғимараты. Ал мына жердегі әйелдер — аурухана қызметкерлері. Оларды тас төсетуге мәжбүрлеп жатыр. Қастарында бастығы жүр», — деді ол.

Видео авторы бұл нәрсенің дұрыс емес екенін айтқан. Бірақ бастығы «Сенің жұмысың емес» депті.

«Ауыр жұмыс істетіп қойғаны  дұрыс емес. Брусчатка төсеу, тас жару — құрылысшылардың жұмысы. Бұл не деген масқара? Сұрасам бастықтары «Сенің жұмысың емес» деп жауап қатты», — деді ол.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайдан хабардар екенін және бұл нәрсені заң бұзу деп есептемейтіні айтқан.