Жаңалықтар

Сіздің шынайы мінезіңіз қандай? (психологиялық тест)

Сіздің шынайы мінезіңіз қандай? (психологиялық тест)

Сіздің шынайы мінезіңіз қандай? Бұл сұрақ өзгелер түгілі өзіңізге де қызықты болуы мүмкін. Егер білгіңіз келсе, ішкі жан-дүниеңіздің есігін қағып, жүрек түкпірінде жатқан қалауыңыз бен шынайы бет-бейнеңізді анықтап көріңіз. Алдымен  сіз қай есікті таңдар едіңіз? Көп ойланбастан көзіңізге бірден түскен, және өзіңізге ұнаған төмендегі суреттегі есіктердің бірін таңдаңыз.
Психологиялық тест, Тест, психологический тес по картинкам,
Психологиялық тест
Таңдап болған болсаңыз, есікті ашып, өзіңіз жайлы қызықты ақпараттарды біліңіз.  Сонымен сіздің шынайы мінезіңіз қандай?

№1 Есік

Егер сіз бірінші есікті қаққан болсаңыз, сіз табиғатыңыздан өте шыдамды адамсыз. Өзгелердің жағдайын өте жақсы түсінесіз. Және жаныңызға жақын адамдардың басына түскен қиындық сізді бей-жай қалдырмайды. Сіз де бос уақыт деген болмайды. Бола қалған күннің өзінде де сізден көмек сұрап келген адамның шаруасын шешуге бос уақытыңыздың барлығын арнайсыз. Айналаңызда болып жатқан оқиғалардың ешбірі сіздің қатысуыңызсыз өтпейды. Бір сөзбен айтқанда сіз өзіңіз үшін емес, өзгелер үшін жаратылған жансыз. Сіздің жүрегіңіз нәзік, болмысыңыз ерек. Мінезіңіз ашық, жарқын көңіліңізбен адамдарды тез баурап алатын күшке иесіз. Бәлкім, бір сәтке болса да өзіңізге көңіл бөлерсіз? Сізге айтар кеңесіміз, бір күніңізді өзіңізге арнаңыз. Саяхаттаңыз, тынығыңыз, кітап оқыңыз, жақсы фильм көріңіз.

№2 Есік

Екінші есікті ашқан болсаңыз, сіз қарапайым адам емессіз. Бойыңызда шығармашылық дарын бар. Айналадағы болып жақтан оқиғалардың барлығы сізді бей-жай қалдырмайды. Тіпті болмашы өзгерістің өзі сізге ерекше шабыт сыйлайды. Сіздің ерекше дарыныңыз бен көп қырлы қабілетіңізге өзгелер қызғанышпен қарайды. Тіпті олардың қатарында достарыңыз да бар. Сәнді киінесіз, соңғы сән үлгісіндегі киімдерді үйлестіре білесіз. Шығармашылықтан бөлек әртістік қабілетіңіз болғандықтан, айналадағы адамдарға ерекше әсер қалдырасыз. Сізді оңай ұмыта салу қиын. Егер қазіргі мамандығыңыз театр, кино, шығармашылық саласына қатысты болмаса, ойланып көрерсіз. Өйткені ерекше дарынды тұншықтыруға болмайды.

№3 Есік

Үшінші есікті ұйымдастырушылық қабілеті басым адам ашады. Сіздің ішкі түйсігіңіз жақсы дамыған. Соның арқасында өмірлік жолыңызды жаңылмай тауып келесіз. Есепке және құнды қағаздармен жұмыс істеуге ширақсыз. Ауқымды жобаларды аяғына дейін жеткізіп, жеңісті қанжығаңызға оңай байлауға бейімсіз. Алдыңызда отырған адамның ойын тез оқып қоясыз. Сол себепті сізді алдап, тақырға отырғызу өте қиын. Өзгелерге не керек екенін жақсы білесіз. Мақсатыңыз айқын. Тіпті сәтсіздіктердің өзін, еңсеңізді тік ұстаған күйі жеңіл қабылдайсыз. Достарыңыздың өзі сәтсіздікке ұшыраса сіздің қолдауыңызға зәру. Өйткені сіз әрдайым «Достым, еңсеңді түсірме! Қиындықтың барлығын бірге еңсереміз» деп шабыттандырасыз. Сізге кеңесіміз, осы қалпыңыздан танбаңыз.

№4 Есік

Төртінші есіктің иесі өте құпия адам. Өзіңіз жайлы өзгелердің сөз тасығанын аса ұнатпайсыз. Сіз ағыспен жүруге көнбейсіз. Өмірде өз жолыңызды нақты айқындаған болсаңыз, ағысқа қарсы жүзуге де дайынсыз. Айналаңызға сыни көзқараспен қарайсыз. Сіздің дамуыңыз бен жетістікке жетуіңізге кедергі болатын адамдармен бірден қоштасасыз. Тіпті достарыңыздың өзі сіздің іріктеуіңіз бен сыныңыздан өткен. Өйткені сіз мотивация сыйлайтын адамдармен жолдас болғанды ұнатасыз. Ішкі сырыңызды көп аша бермейсіз. Алайда бойыңыздағы ең жақсы қасиеттердің бірі жаныңыздағы адамдардың қателікке ұрынарын алдын ала сезіп отыратындығыңызда. Және қателік жасауларына жол бермейсіз. Олар сіздің ескертпеңізді ескергілері келмегенмен, сіздің ешқашан қателеспейтініңізді біледі. Сол себепті сізді тыңдауға мәжбүр. Өйткені сіз турасын айтатын, бірбеткей адамсыз. Ал, тура биде туған жоқ.