Шешесін пышақтап, өртеп жіберген жігіт психиатриялық стационарға тығылды
31 жастағы Дархан Жолдыбаев қорғансыз адамды өлтіргені үшін сотталды, - деп хабарлайды newsroom.kz
Otyrar.kz ақпаратына сүйенсек Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 54 жастағы анасын өлтіріп, мәйітін өртеген Дархан Жолдыбаевты мәжбүрлі емге жіберді. Сот тергеуі кезінде оның «шизофрениямен» ауыратыны дәлелденген. Бұған дейін сот отырысында марқұмның туыстары Жолдыбаевтың ауыратынына сенбей, соттан оны жазалауды сұраған.
«Жолдыбаев Дархан Қылмыстық кодексі 16-бабына сәйкес оның қоғамға қауіпті әрекет жасаған кезде есі есі дұрыс емес күйде болғанына байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-тармағында көрсетілген қоғамға қауіпті әрекет жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Жолдыбаевқа мәжбүрлі емдеу тағайындалсын».
Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абинұр Қарабаев 54 жастағы мүгедек анасын өз үйінде бірнеше жерінен пышақтап өлтіріп, шынжырмен қылқындырып, мәйітін ауласындағы шұңқырға өртеп жіберген 31 жастағы Дархан Жолдыбаевты психикалық денсаулығына байланысты мәжбүрлі емге жіберді. Сот тергеуінде оның «шизофрениямен» ауыратыны дәлелденген. Жолдыбаев Қылмыстық кодекстің «адам өлтіру» бабымен күдікке ілінген болатын.
Абинұр Қарабаев, судья: «Оған жаза тағайындалмайды. Ондай адамдарға. Жаза орнына барып емделуі тиіс… Психикалық стационар деген не ол? Ол да жабық мекеме сияқты, ол жерде бөлек-бөлек камерада отырады. Одан дәрігер бақылайды. Одан бөлек қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері бақылайды оны. Егер оның денсаулығы жақсаратын болса яғни қоғамға қауіптілігі болмаса оған мекеменің түрін өзгертуі мүмкін. Яғни, жалпы емделу мекемесіне жіберуі мүмкін. Не амбулаторлық емге жіберуі мүмкін. Бірақ оны ары қарай комиссия шешеді».
Жантүршігерлік оқиға қаңтар айында Шымкентте түн ортасында жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Жолдыбаев анасын пышақтап өлтіріп, ауласындағы шұңқырға өртеген. Ол мұны алдын-ала жоспарлаған деді прокурор сот отырысында. Бұған оның анасы бала кезде ұрысқаны және нағашыларының қолында қалдырып кеткені себеп болған. Бала кезден кек ұстаған ол қылмысты үйінде ағасы жоқ кезде жасаған.
«Бұл кісіге өмір бақи түрме берілсін, не өлім жазасы берілсін. Өтірік, ауырмайды, дені сау. Өтірік сары карточка алып жауапкершілік алмай тұр».
Сот тергеуінде марқұмның әпкесі Құндыз Аданова Жолдасбаевтың ауыратынына сенбейтінін айтып, мұны жазадан қашу үшін жасаған қулығы деп түсіндірген. Соттан оны өмір бойына бас бостандығынан айыруды, не өлім жазасына кесуді сұраған. Сот іс күдіктінің денсаулығына қатысты қаралып жатқанын жеткізген. 31 жастағы Жолдыбаев ажырасқан, бұрын сотты болған. Бірнеше рет психикалық денсаулығына байланысты дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Марқұм анасы мен ағасы «туа біткен ақыл-естің кемістігі» диагнозымен мүгедектікке шыққан.
Оқиға 12 қаңтарға қараған түні жеке тұрғын үйлердің бірінде болған еді. Полиция «адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғап, күдікті ретінде марқұмның баласын қамауға алған болатын. Алдын ала дерек бойынша қылмыс отбасылық жанжал нәтижесінде болғаны хабарланған.