Білім

Гарвард университетінде 2,7 миллион долларлық грант жойылды

АҚШ ішкі қауіпсіздік департаменті Гарвард университетіне жалпы сомасы 2,7 миллион доллардан асатын екі гранттан бас тартты,- деп хабарлайды newsroom.kz

«АҚШ ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноем Ішкі қауіпсіздік департаментінің Гарвард университетіне берген жалпы сомасы 2,7 миллион доллардан асатын екі гранттың күшін жойғанын хабарлады», - делінген ведомство құжатында.

Мәлімдемеде бұл қадамдар АҚШ президенті Дональд Трамптың Гарвард университетіне 2,2 миллиард доллар федералды қаржыландыруды тоқтату туралы шешімінен кейін және мекеменің салықтан босатылған мәртебесін қайта қарау ұсынысынан кейін жасалғаны айтылған.

Бұған дейін CNN ақпарат көздеріне сілтеме жасап, АҚШ-тың Ішкі кірістер қызметі Гарвард университетінің салық мәртебесін қайта қарауға ниетті екенін хабарлаған. Осы мәселемен таныс үш адамға сілтеме жасаған Washington Post газеті де Трамп әкімшілігі IRS-тен университеттің салықтан босатылған мәртебесін жоюды сұрағанын хабарлады.

АҚШ білім министрлігі Гарвард университетіне 2,2 миллиард доллар грант пен 60 миллион долларлық ұзақ мерзімді келісім-шарттарды тоқтатты. Гарвард университетінің президенті Алан Гарбер бұған дейін мектеп Трамп әкімшілігінің еврей студенттерін антисемитизмнен қорғау саясатын өзгерту туралы талаптарын қабылдамайтынын айтқан. Сондай-ақ Америка әкімшілігі Гарвард университетіне гранттарды және осы элиталық жоғары оқу орнымен жалпы сомасы шамамен 9 миллиард долларды құрайтын келісімшарттарды қайта қарауға ниетті екені хабарланды.

Наурыздың ортасында АҚШ білім министрлігі 60 американдық университетке еврей студенттерін наразылық шерулерінен қорғауды қамтамасыз етпесе, оның салдары болатынын ескертті. Бұл хабарландыруларға Айви Лигасының сегіз университетінің алтауы кірді: Браун, Гарвард, Йель, Колумбия, Корнелл және Принстон.