Қазақ қызы Оксфордқа доктарантураға түсті
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Меруерт Бижанова ғылым жолындағы кезекті үлкен жетістікке жетіп, әлемнің ең беделді жоғары оқу орындарының бірі — Оксфорд университетінің докторантура бағдарламасына ресми түрде қабылданды, деп хабарлайды bewsroom.kz Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Меруерт — Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2019 жылғы түлегі. Бұған дейін АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде білім алып, Студенттер ассамблеясының президенті атанған.
«Мен Оксфордқа докторантураға түстім!» – деп өзінің қуанышты жаңалығын Меруерт жеке парақшасында бөлісті.
Ол бұл университет туралы ерекше толқыныспен айтып,
«Ол – Стивен Хокинг оқыған, Гарри Поттер түсірілген, адамзат өркениетіне өзгеріс әкелген идеялар туған жер» – деп жазды.