Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?
«Қазгидромет» 17 сәуір, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аумағының көптеген өңірлерінде жауын-шашын жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды newsroom.kz.
Астанада аспан бұлтты, жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетіп, кей сәттерде 24 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде ауа температурасы +3...+5°C, күндіз +8...+10°C.
Алматыда күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз өтеді. Жел – 3-8 м/с. Түнде +5…+7°C, күндіз +17…+19°C.
Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күші – 8-13 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Түнгі температура +8...+10°C, күндіз +22…+24°C.
Ақтауда жауын-шашынсыз, күн бұлтты. Жел – 9-14 м/с. Түнде +8...+10°C, күндіз +19...+21°C.
Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашын жоқ. Жел – 1-6 м/с, кей жерлерде 10 м/с-қа дейін. Түнде +2...+4°C, күндіз +16…+18°C.
Атырауда бұлт аралас, бірақ жауын-шашынсыз. Жел – 5-10 м/с. Түнде +6…+8°C, күндіз +22…+24°C.
Жезқазғанда күн бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел – 5-10 м/с. Түнде +3...+5°C, күндіз +13...+15°C.
Қарағандыда аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – 9-14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Түнде +1...+3°C, күндіз +10...+12°C.
Көкшетауда бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Жел күші – 15-20 м/с, кей сәттерде 23 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де +3…+5°C.
Қонаевта жауын-шашынсыз, күн бұлтты. Жел – 9-14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Түнде +4…+6°C, күндіз +18…+20°C.
Қостанайда жауын-шашынсыз, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнгі температура 0...+2°C, күндіз +7…+9°C.
Қызылордада күн ашық. Жел – 9-14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Түнде +6...+8°C, күндіз +20…+22°C.
Павлодарда жаңбыр жауады. Жел 23 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +4...+6°C, күндіз +11…+13°C.
Петропавлда қар аралас жаңбыр жауады. Жел – 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Түнде 0...+2°C, күндіз +2…+4°C.
Семейде жауын-шашынсыз, бұлтты. Жел – 5-10 м/с, кейде 15-18 м/с. Түнде +2…+4°C, күндіз +18…+20°C.
Талдықорғанда жауын-шашынсыз, бұлтты. Жел – 5-10 м/с. Түнде +1…+3°C, топырақ бетінде -2°C-қа дейін суытады. Күндіз +18…+20°C.
Таразда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел – 9-14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Түнде +2...+4°C, күндіз +19…+21°C.
Түркістанда бұлт аралас, бірақ жауын-шашынсыз. Жел – 8-13 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін. Түнде +7...+9°C, күндіз +24...+26°C.
Оралда жауын-шашынсыз. Жел – 2-7 м/с. Түнгі температура +3...+5°C, күндіз +18…+20°C.
Өскеменде күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел – 9-14 м/с. Түнде +2…+4°C, күндіз +18…+20°C.