АҚШ-та 600-ден аса студент пен мұғалім визаларынан айырылды
Соңғы уақытта АҚШ университеттеріндегі 600-ден астам шетелдік студенттер, оқытушылар мен зерттеушілер визаларынан айырылды. CNN хабарлауынша, визасын жоғалтқандар арасында ұсақ құқық бұзушылық жасағандар да, заңды бұзбағандар да бар,- деп хабарлайды newsroom.kz
«АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі жуырда АҚШ-тағы кем дегенде 90 университеттің 600-ден астам шетелдік студенттері, оқытушылары мен зерттеушілерінің визаларын алып тастады», - деп жазады басылым.