Әлем

Жеті айлық сәбиінің басын балтамен шапқан

Ресейдің Краснояр өлкесіне қарасты Канск қаласының тұрғынына өзінің үш баласын аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылды, деп хабарлайды newsroom.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жайында TASS агенттігіне Красноярск қаласындағы Орталық аудандық соттың судьясы Надежда Бобринева мәлімдеген.

«15 сәуір күні оған қылмыс жасағаны бойынша айып тағылды. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады», – деді судья сот отырысында.

Үш баласын аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған ана жеті айлық сәбиінің басын балтамен шауып, оны сервантқа қойған.

Судья баланың басын сервантқа  не себепті қойғанын сұрағанда, анасы ешқандай жауап бермеген. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, балалардың денесі әртүрлі жерлерден табылған. Атап айтқанда үлкен ұлы көшеден, ал екеуі – жазда ғана қолданатын қосымша бөлмеден табылған.