Тоқаев: Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту қажет
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейкомен кездесті, деп хабарлайды newsroom.kz.
Мемлекет басшысы компанияның цифрлық трансформация, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ халықтың өмір сапасын арттыру бағытындағы маңызды рөлін атап өтті.
2024 жылы «Яндекстің» Қазақстан экономикасына қосқан салықтық үлесі 29,5 млрд теңгені құраған. Ал 2016 жылдан бері тартылған жалпы инвестиция көлемі 225 млрд теңгеден асқан.
Кездесу барысында жасанды интеллект технологияларын дамыту және осы үдерісте ұлттық мәдени болмысты сақтау мәселесіне айрықша назар аударылды. Тоқаевтың айтуынша, қазақ тілінің цифрлық кеңістікте қолданылуын арттыру аса маңызды.